Елімізде ЖОО-да 2-3% жеңілдетілген несиемен білім алу мүмкіндіктері қарастырылуда

496

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдама жобасын таныстырды, деп жазады inbusiness.kz. 

Елімізде ЖОО-да 2-3% жеңілдетілген несиемен білім алу мүмкіндіктері қарастырылуда Фото: primeminister.kz

"Ұлттық бірыңғай тестілеу талапкердің оқу жетістіктері мен әлеуметтік жағдайын ескеретін  көрсеткіштер  бойынша жетілдіріледі. Аталған  тәсіл  грант бағасы жүйесіне (30%дан 100%-ға дейін)  дифференциация енгізуде де қолданылатын болады. Білім алушыларға 2-3 пайыздық  жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері де жоспарланып отыр", - деді министр.

Ведомство басшысының айтуынша, тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған үш облыс талапкерлеріне грант бөлу  жалғаспақ.

Бұдан бөлек кадр даярлауды алдын-ала болжау моделіне көшу де қарастырылуда.

"Бұл форсайттық-болжау негізінде өңір мен экономика салаларына қажетті жаңа кәсіптерге сұраныс пен кадр даярлау жүйесін тиімді ұштастыру болып табылады. Осы ретте  мемлекет пен бизнестің,  университеттердің күш-жігері біріктіріледі", - деді ол.

Саясат Нұрбек "Жаңа мамандықтар атласы" әзірленгенін де тілге тиек етті.  

"Осы ретте өңірлік стандарттар  әзірленеді. Бұл халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына енген "Мамандығым – болашағым" жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деді ведомство басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу