Елордада үй кезегіндегілер қатарына 3 айда 1,5 мың адам қосылған

884

Әкімнің айтуынша, әсіресе үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету алдыңғы кезекте тұр.

Елордада үй кезегіндегілер қатарына 3 айда 1,5 мың адам қосылған

Елордада қолжетімді баспана бойынша салынатын тұрғын үй құрылысының саны үш есеге өседі. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылауға арналған қалалық активтің жиынында мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо .

"Жыл санап елордада тұрғын үй кезегіне тұрушылардың саны артып келеді. Осы жылдың жаз айының басында 46 мың астаналық үй кезегінде тұрса, қыркүйекте бұл көрсеткіш 47,5 мыңға жетіп отыр. Осыған орай келесі жылдан бастап қолжетімді баспана бойынша салынатын тұрғын үйлердің көлемі 3 есеге артатын болады. Бүгінде дайындық жұмыстары басталды", – деді Алтай Көлгінов жолдауды талқылауға арналған жиын барысында.

Әкімнің айтуынша, әсіресе үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету алдыңғы кезекте тұр.

"Біз бар салмақты бюджетке салғымыз келмейді. Сондықтан қолжетімді баспананы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Жақында ғана тағы бір тұрғын үй салу комбинатының өз жұмысын бастағанын білесіздер. Қолжетімді баспанамен қамтудың басты сегменгті ретінде осы комбинатты қарастырып отырмыз. Одан бөлек жалдамалы пәтер кезегінде тұрғандар және "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында баспана алуға жеңілдіктер займына ие болғандар үшін ұлттық бірыңғай есеп жүйесін енгізу елордада баспана мәселесін шешуде маңызды болып отыр", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу