Елорда әкімдігі көмір бойынша құжат қабылдап жатыр

1649

Өтемақы жылыту маусымына (2019 жылдың 15 қазанынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін) 16 АЕК көлемінде беріледі.  

Елорда әкімдігі көмір бойынша құжат қабылдап жатыр

Астананың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 15 қыркүйектен бастап халықтың жекелеген топтарына қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету үшін құжат қабылдап бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Әлеуметтік көмектің аталған түрі жеке жер үйде тұратын және жергілікті жылыту құрылғысын (пеш) пайдаланатын үй иелері немесе жалға алушы, егер олар және олардың отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үй болмаса және жан басына шаққандағы орташа табысы төрт күнкөріс шегінен аспайтын болса, жасы келген зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар ала алады.

Өтемақы жылыту маусымына (2019 жылдың 15 қазанынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін) 16 АЕК көлемінде беріледі. Егер бір жер үйде әлеуметтік көмек алуға құқылы бірнеше адам тұрып жатса, өтемақы тек бір ғана адамға төленеді.

Әлеуметтік көмектің аталған түріне қол жеткізу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезінде Достық көшесі, 13 ("Нұрсая" ТК) мекенжайы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына барып, отбасы мүшелерінің барлығын көрсетіп өтініш жазу керек. Сондай-ақ жеке куәлігінің көшірмесін, табысы туралы (барлық отбасы мүшелеріне), тоқсан ішіндегі кірісі туралы мәлімет, мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі (зейнеткерлік куәлік, мүгедектік туралы анықтама, балалардың туу туралы куәлігі), ҚР Әділет министрлігінің аумақтық органымен берілген тіркелген жылжымайтын мүлікке құқығының жоқтығын растайтын анықтама, тұрғын үйді пайдалануға құқық беретін құжатты (жалға алушылар үшін) ұсыну керек.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу