Елорда әкіміне арнап банкет "дайындаған" алаяқ ұсталды

789

Елорда әкіміне арнап банкет "дайындаған" алаяқ ұсталды

ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Астана мен Алматы қалаларындағы мейрамханаларға қатысты ұйымдастырылған бірқатар алаяқтық қылмысты ашты, деп хабарлайды elorda.info.

"Кешенді жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде алаяқтық әрекетімен 2 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген К.есімді азамат ұсталды. Күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп, оның 15 эпизодқа қатысы дәлелденіп жатыр", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицейлер анықтағандай, алаяқтар телефонмен мейрамхана жетекшілеріне қалалық әкімдіктің немесе ұлттық компаниялардың өкілдері ретінде хабарласып, құрметті қонақтар қатарына танымал адамдардың есімдерін атайды. Айтуынша, бөлім басшылары телефонмен банкетке тапсырыс беру жүктелгенін және мейрамхана әкімшісіне банкет ақысы өткізілген соң төлененін айтып, сендіріп отырған. Бұған қоса "тарсырыс беруші" банкет кезіндегі үстелде қымбат ішімдік болуы керектігін ескертіп, тіпті сирек кездесетін коньяк пен басқа да сусындардын атын атайды.

"Сенімді болуы үшін "тапсырыс беруші" мейрамхана иесіне элиталы сусынды қай жерден сатып алу керектігін ескертіп отырған. Бірақ біраз уақыт өткен соң, қайта хабарласып мейрамханаға сусынның арнайы дүкенде екенін алға тартып, оны сатып алуға қажетті ақшаны Qiwi-әмиянға аудартады. Сондай-ақ алаяқтар мейрамхана басшылығын банкет ақысы өткізілгеннен кейін бірақ төленетініне сендіреді", - дейді ІІД-ден.

Банкеттік тапсырыстан бас тартқысы келмеген  мейрамхана жетекшілері сұраған соманы аударған соң, "тапсырыс беруші" телефонын сөндіріп, жоғалып кетеді.

Осыған орай, Астана қаласының ІІД мейрамхана, қонақүй және дәмханалардың жетекшілері мен әкімшілерін сақ болып, осыған ұқсас алаяқтық әрекеттер туралы ақпарат хабарлауын сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу