Елордада төрт полиция қызметкері сотталды

421

Бұл туралы Астана қалалық сотының сайтында хабарланған.

Елордада төрт полиция қызметкері сотталды Фото: inbusiness.kz

Тергеу деректері бойынша, төрт полиция қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы қалта ұрлығына қатысы бар деген төрт күдіктіні қорқыту және "бопсалау" мақсатында бірнеше рет физикалық күш қолданған.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, сот-медициналық сараптамалардың, сот-психологиялық сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденген.

Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балаларының болуын ескерген.  

Сотталушылардың қабылдаған анттарын бұзуы, олардың жауапкершілігін ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Сот үш полиция қызметкерін төрт жылға, төртінші полицейді үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Сотталғандардың барлығы үш жыл мерзімге мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан, сондай-ақ полиция сержанты мен аға сержанты арнайы атақтарынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу