Қапал көшесінде есірткі сатқаны үшін Lada Granta көлігінің 20 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. Өзіне назар аудармау үшін такси көлігін арнайы жалға алған. Осылайша жас жігіт тыйым салынған заттарды сатумен айналысқан, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол арнайы жолақпен жүрген, бірақ жолаушы тасымалдаумен айналыспаған. Тінту барысында салонда жүргізуші орындығының астынан сатуға дайындалған, жалпы салмағы шамамен 200 грамм болатын каннабис тобы есірткісі салынған 35 полиэтилен пакеті табылды.
Сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылында полиция қызметкерлері 29 жастағы Toyota Brevis автокөлігінің жүргізушісін ұстады.
Автокөлік құралын тексеру кезінде көлік салонында және жүк салғыштағы төсеменің астында салмағы 190 грамм мефедрон бар полиэтилен пакеттері табылды.
Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша “Аса ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе өткізу бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер Полиция департаментінің УҰИ қамалды.