Терапевтке екі апта бұрын, тар шеңберлі мамандарға жазылу одан да ұзақ, оған қоса шексіз кезектер мен учаскелік дәрігердің жұмысы. Емханалардағы проблемаларға қатысты шағымдардың көптігі өз нәтижесін берді. Енді шұғыл көмекті қажет ететін науқастар кезек күтпестен дәрігерге қарала алады. Ал жоспар бойынша келгендер не істеуі керек? Жағдайды Орталық коммуникациялар қызметі алаңында МСАК бойынша штаттан тыс бас маман, 5-емхананың бас дәрігері Алтыншаш Табулдина түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Адам емханаға келеді, КТ жасай алады, невропатологқа барып, рецепт алады, барлық мамандарқа қарала алады... Бұл шаруаны кезексіз жүзеге асыру мүмкін емес шығар. Біріншіден, дәрігердің қабылдауын, келушілер санын реттеуіміз керек, қалай болғанда да адамдар бірнеше сағат бойы кезекте тұрмай, келетін уақыттарын білуі маңызды. Министрлік күрделі мәселелерді қарады, емханаларда кезекте тұрғандардың шағымдардың көбі 10 күннен артық, кейде бірнеше ай бойы күту болды, дұрыс шешім қабылданды. Енді шұғыл жағдайы бар пациенттер міндетті түрде "жасыл дәлізден" өтіп, оларға дереу көмек көрсетілуі керек. Бұл үшін МСАК ұйымдарында фильтр кабинеттер бар. Көп нәрсе емханада жұмысты ұйымдастыруға және нормалар мен ережелерді сақтауға байланысты. Өкінішке орай, учаскелік дәрігер пациенттерді қабылдауға, тиісті назар аударуға, тексеру жүргізуге және қажетті тексерулерге уақтылы жіберуге үлгермейтін жағдайлар болады. Мұндай проблемалар бар, кадрлар мен мамандардың біліктілігінде де мәселелер жоқ емес. Бірақ, жалпы, емханаларда емделушілер үшін жоспарлы қабылдау жүргізілуі тиіс", – деп түйіндеді сарапшы.
Құралай Құдайберген