Ең төменгі жалақыны 125 мыңға жеткіземіз - министр

328

Алдағы жылы еліміздегі төменгі табыс 85 мың теңге болады.

Ең төменгі жалақыны 125 мыңға жеткіземіз - министр Фото: Inbusiness.kz

7 жылда елдегі ең төменгі жалақы 125 мыңға жетеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай меже қойып отыр. Ол үшін ең төменгі жалақыны есептеуде алдағы жылдан бастап жаңа әдіс қолданылады. Жаңашылдық жайлы министр Светлана Жақыпова егжей-тегжейлі түсіндіріп берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Елдің табысы медианалық жалақыға, оның деңгейіне тікелей тәуелді болады. Жаңа әдісте ең төменгі жалақыны дәл осы медианалықтың 50 пайызына жеткізу жоспарланып отыр. Қазір мединалық жалақының көлемі 250 мың теңге. Ал алдағы жылы еліміздегі төменгі табыс 85 мың теңге болады. Осы алшақтықты ретке келтіру үшін министрлік өз есеп-қисабын дайындапты.

"2030 жылға дейін әзірленген тұжырымдама сәйкес біз 34 пайыздан бастаймыз. Ең төменгі жалақыны 125 мыңға жеткізуге экономикамыз 2024 жылы дайын болады деп айта алмаймын. Мақсатты межеге жетуге бизнестің дамуы, еңбек өнімділігі артуы керек. Әр адамның, әр қазақстандықтың ынтасы болуы қажет. Жоспарға жетуге бір ғана министрлік емес бәріміз жұмылуымыз керек", - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Министр айтқандай экономиканың жалақыны көтеруге қашан дайын болатыны белгісіз. Яғни ел экономикасының ертеңін ешкім нақты болжап бере алмайды. Экономикамыздың табысына сәйкес медианалық жалақы да өзгеріп отырады. Соңғы жылдары оң динамика бар. Десе де медианалық жалақы елдегі орташа айлықтан төмен. "Ал осы тұста Үкімет қулыққа барып, төменгі жалықыны арттыруда орташа айлықты емес, медианалық жалақыны негізге алып отыр", - дейді экономист Меруерт Махмұтова. 

Жаңа әдістің алдағы жылы қолданысқа енетініне де сарапшы сенбейді. Себебі үш жылдан бері еңбек министрлігі жаңа әдіс ұсынамыз деп мәлімдеме жасағанымен соңы нәтижесіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу