Оның барысында Қазақстанда еңбек заңнамасын, жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, сондай-ақ ХЕҰ ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.
Өз сөзінде Ақмәди Сарбасов Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ХЕҰ арасындағы әлеуметтік-еңбек саласындағы ынтымақтастықтың сапасы мен тиімділігін атап өтті.
"ХЕҰ-ға кірген 30 жыл ішінде Қазақстан 25 конвенцияны ратификациялады, олар бойынша міндеттемелер ел заңнамасында орындалды. Қазіргі уақытта әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып, ХЕҰ-ның №131 "Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы" және №190 "Еңбек әлеміндегі зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы" конвенцияларын ратификациялауға дайындық жұмыстары жүргізілуде", – деп атап өтті вице-министр.
Ақмәди Сарбасов миссия өкілдеріне кәсіподақтар қызметінің құқықтары мен бостандықтарын кеңейту бөлігінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, оның ішінде қылмыстық және әкімшілік заңнаманы жетілдіру бойынша жазалау шараларының арақатынасы мен тағайындалуы, құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әкімшілік жазаларды қолдану бөлігінде ұсыныстар әзірлеу барысы туралы хабарлады.
"Адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспары шеңберінде кәсіподақтар мен еңбек жанжалдарын шешуге қатысты, оның ішінде ХЕҰ ұсынымдарын ескере отырып, ұлттық заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру жүргізілуде", – деп хабарлады Ақмәди Сарбасов.
Оның айтуынша, бұл жұмыс екі кезеңге бөлінген. Оның алғашқысы бойынша Мемлекет басшысы осы жылдың ақпан айында қол қойған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек даулары мен жанжалдарын шешу тәртібін оңайлату бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға енгізілген еңбек жанжалдарын шешу мәселелері бойынша түзетулер әзірлеу.
Екінші кезең кәсіподақтарға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізуді, оның ішінде кәсіподақтарды мемлекеттік тіркеуді хабардар ету тәртібіне көшіруді, сондай-ақ салалық кәсіподақтарды құру талаптарын қайта қарауды көздейді. Осы жұмыс аясында қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен талқылау және келісу жүргізілуде.
Сондай-ақ, Ақмәди Сарбасов жұмыс берушілер қауымдастығы туралы жеке заң әзірлеу, заңсыз ереуілдерге қатысудың жалғасуына итермелейтін әрекеттерді ішінара қылмыссыздандыру және т.б. сияқты жоспарланған жұмыстар туралы баяндады.
Өз кезегінде ХЕҰ миссиясының еңбек заңнамасы және халықаралық еңбек стандарттары бойынша маманы Миранда Файерман Қазақстан Республикасы Үкіметінің жұмысшылар мен жұмыс берушілердің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіп жатқан нормаларды белгілеу жұмыстарын, сондай-ақ ХЕҰ ұсынымдары мен конвенцияларын ескере отырып, заңнаманы одан әрі жетілдірудің маңыздылығы мен қажеттілігі жоғары бағалады.