Beeline Қазақстан статистикасына сәйкес, ұялы байланыс саласыдағы жаппай кінараттардың 70%-ы дәл осындай апаттық электр қуатының үзілуімен байланысты, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz порталына сілтеме жасап.
Ресурстың жазуынша, инфрақұрылымның аянышты халі базалық станцияны уақытында іске қосуға мүмкіндік бермейді.
Елде жанармайдың шекті бағасы көтерілуі жанармайдың толық тапшылығын болдырмау, оны жаппай қайта сату үшін экспортталатын көршілес елдермен баға айырмашылығын азайту қажеттілігінен туындаған.
Өз кезегінде телекоммуникация секторы коммуналдық қызметтерге қарағанда инвестициялық портфелін үнемі ұлғайтуда. Биылғы 3 айда ақпарат және байланысқа салынған күрделі инвестиция көлмі 24,3 млрд теңгені құрады. Бұл ұл былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда 59,8%-ға артық.
"2020 жылмен салыстырғанда, телекоммуникацияның рөлі және оған түсетін жүктеме локдаун мен пандемияға байланысты жаһандық ауқымда кеңейіп, операторлар жедел түрде инфрақұрылымға инвестициялауға мәжбүр болған кезде, 27% өсім байқалды. Ауқымды инвестиция тұрақты және жоғары жылдамдықты мобильді интернетті дамытуға бағытталған, инвестициялар негізінен 3G-ден 4G интернет желілеріне көшуге және жаңа 5G желісін салуға бағытталған. Бұл ретте операторлар секторға өз қаражатынан инвестиция салады", - делінген ақпаратта.
Мобильді интернет жылдамдығының өсуі аясында байланыс операторлары 4G және 5G желілерімен көбірек аумақтарды қамту жұмыстарын жалғастыруда. Ұялы байланыс мұнараларын жаңғыртуға арналған құрал-жабдықтар шетелден сатып алынады. Сәйкеінше доллар бағамының өсуі саладағы күрделі шығындарға айтарлықтай әсері бар.
Порталдың мәліметінше, бұл жанармай құнының өсуіне және қымбаттауына, сондай-ақ ұялы байланыстың тұрақты жұмысы тәуелді болатын электр энергиясы тарифтерінің өсуіне әсер етеді.
Оператордың жоғары инвестициясы, желінің көлемі, ең төменгі бағадағы тұтынудың өсуі және байланыс шығындарын арттыратын жалпы инфляция секілді факторлардың барлығы да телекоммуникация секторындағы тарифтердің өсуін көрсетеді.
"Іс жүзінде пайдаланушы үшін бұл мынаны білдіреді. Сөзсіз байланыс қызметтерінің қымбаттауы болады. Бірақ бұрын операторлар тариф құнын қымбаттатқан кезде есесіне қосымша гигабайт трафик немесе тегін минуттар қосатын. Енді бұдан былай операторлар жаңа бағамен ескі қызметті ұсына бермек", - деп қорытындылады сарапшылар.