Бүгін дүйім жұртты шулатқан Есіктегі қыз зорлау ісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Асхат Бектұрсынов – 10 жылға, Алмас Ермеков – 9,5 жылға, Ербол Ермеков – 8 жылға, Елтай Нұрбол 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаларын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Судья Ерлан Баймулдинов сотталушыларға осындай үкім кесті.
Айта кетейік, Жібек Мусинованы зорлағандардың ісі Еңбекшіқазақ аудандық сотында қаралды. Прокурор 4 азаматты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді.
Естеріңізде болса, 18 тамызда Жібек Мусинованың анасы әлеуметтік желі арқылы қызын 4 жігіт зорлап кеткендігі жөнінде айтып, істің әділ өтуі жөнінде көмек сұраған болатын. Артынша, күдіктілер қамауға алынды. Істі облыстық ІІД тікелей бақылауға алған еді.