"Smartcity 2017" форумы аясында Орал қаласының әкімдігі мен "Бизнес Оулу" компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Тараптар "Smartcity – Uralsk". Бірлескен жобасын жүзеге асыру туралы келісті.
"Бизнес Оулу" компаниясы құрамында "Қауіпсіз қала": зияткерлік көлік жүйесі, қоғамдық қауіпсіздік, электронды билеттендіру және өзге жобалар бар.
"Smart city – Uralsk" жобасын енгізудің алғашқы элементі – "Сергек-Орал" қалалық және жол бейнебақылаудың зияткерлік жүйесі".
Сонымен бірге басқосуда Еуропадағы ең ақылды қала деп танылған финдік Оулу қаласының іс-тәжірибесі кеңінен сөз болып, ондағы инновациялық мүмкіндіктерді облыста іске асыру жайлы пікір алмасты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу