Газ саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленуде

977

Мүдделі мемлекеттік органдармен және газ саласындағы ұлттық оператормен бірлесіп, саланы "қайта жүктеуге" бағытталған Газ саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленуде, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.  

Газ саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленуде

Кешенді жоспар жобасында мынадай іс-шаралар қамтылған:

Бірінші. Геологиялық барлау, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған және жаңа кен орындарында газ өндірудің жаңа жобалары есебінен газдың ресурстық базасын ұлғайту.

Екінші. Министрлік газға баға белгілеудің жаңа моделі бойынша жұмыс жүргізуде, мұнда қазақстандық газ ресурстарының шектеулілігі және коммерциялық тұтынушылардың бағасын нарықтық баға деңгейіне дейін көтеру ескерілуі тиіс.

Үшінші. Негізгі газ тасымалдау инфрақұрылымы негізінен Кеңес заманында салынған және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін үлкен инвестицияны қажет етеді.

Газ тасымалдау инфрақұрылымының жай-күйіне техникалық аудит жүргізу, сондай-ақ қаржыландыру көздері мен инвестицияларды қайтару тетіктерін айқындау қажет.

Төртінші. Тұрақты газдандыруды жалғастыру үшін газдандырудың бас схемасы өзектендіріледі, газдандыру объектілерін ұлттық оператордың теңгеріміне беру қағидалары жеңілдетіледі.

Тұтастай алғанда, жоғарыда аталған шараларды қабылдау 2030 жылға қарай:

- тауарлық газ өндірісін 42 млрд м3 дейін ұлғайтуға;

- газ инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға;

- халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бағаны ұстап тұруды ескере отырып, баға белгілеудің қажетті моделін белгілеуге;

- елді газдандыруды 65%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу