Сондай-ақ кәсіпорындардың дені нарықтағы бәсекеге төтеп бере алмай, білікті маман тапшылығы мен бюрократия салдарынан жұмысын тоқтатқан.
Creditreform агенттігі мен Лейбниц Еуропалық экономикалық зерттеулер орталығы (ZEW) сәрсенбіде жариялаған есебіне сүйенсек, бұл көрсеткіш қаржылық дағдарыстың салдары Германия экономикасын бұзған 2011 жылдан бері жабылғандардың ең жоғары санын көрсетті, деп жазады inbusiness.kz сайты "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.
- Жабылу көрсеткіштері барлық сектор үшін алаңдатарлық. Әсіресе, өнеркәсіптік компаниялар өндірістегі жоғары энергия шығындарымен күресуде, ал шетелдік жеткізушілер тарапынан бәсекелестік қысымның артуы жалғасуда, - деп мәлімдеді Creditreform компаниясының экономикалық зерттеушісі Патрик-Людвиг Ханцш.
Бұдан бөлек, электр энергиясына жұмсалатын шығын да артты. Әсіресе технологиялық және тұрғын үй саласында жұмыс істейтін компаниялардың жағдайы қиындаған. Энергияны көп қажет ететін салаларда 1050 кәсіпорын жабылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26 пайызға өсті деген сөз. Фармацевтика, химия және денсаулық сақтау салаларында да жабылулардың ерекше көп саны байқалды.
Компаниялардың жабылулары дәстүрлі түрде шағын, меншік иесі басқаратын кәсіпорындарға әсер еткенімен, соңғы жылдары экономикалық тұрғыдан белсенді ірі компаниялар санының артуы да әсер етті. 2024 жылы мұндай 4050-ден астам компания тіркеуден шығарылған. Мұндай күрт өсім осымен үшінші жыл қатарынан орын алып отыр.
- Бұл саясаткерлерге нақты ескерту. Көптеген компаниялар өз өндірістерін шетелге көшіруде, орындарды жабуда немесе Германияға инвестиция салуды мүлдем тоқтатады, - деді Creditreform компаниясының экономикалық зерттеушісі Патрик-Людвиг Ханцш.