Адамнан айла аспайды! Шымкенттегі әйелдер түрмесінде ер кісі жазасын өтеушіге ұялы телефон мен сим-картаны ешкімге байқатпастан өткізбек болған. Алайда түзету мекемесіндегілердің қырағылының арқасында тұрғынның айласы іске аспады. Ішке кіретін әрбір затты мұқият тексеретін қызметкерлер әкелінген сәлем-сауқатты тексеру кезінде піскен тауық етінің ішінен целлофан пакетіне салынған "Самсунг" маркалы ұялы телефонды тәркіледі.
Шымкент қалалық қылмыстық-атқару жйүесі департаментіндегілердің айтуынша, ИЧ-167/4 түзету мекемесіне байланыс құралын кіргізбек болған Шымкент қаласының А. есімді тұрғыны өз кінәсін толық мойындаған. Ер азаматтың үстінен тиісті құжаттар толтырылған. Құжаттар Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы мен әкімшілік сотқа жолданды.
Жансая Тәуекелқызы