Халықаралық полиция Мұхтар Әбілязовты іздеу туралы "қызыл хабарламаны" алып тастады

783

Халықаралық полиция Мұхтар Әбілязовты іздеу туралы "қызыл хабарламаны" алып тастады

Халықаралық полиция Қазақстандық банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовты іздеу туралы "қызыл хабарламаны" алып тастады, деп жазады sputniknews.kz.

БТА банктің директорлар кеңесінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов 7 маусымда Алматы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен қылмыстық ұйым құрып, банк қаражатын қымқырғаны үшін 20 жылға сотталған болатын. Сот талқылауы айыпталушысыз өтті.

Әбілязовтың адвокаты Питер Салас мәлімдегендей, Халықаралық полицияның шешімінен соң Мұхтар Әбілязов емін-еркін жүріп-тұра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу