Халықтың депозиттердегі жинағы 18%-ға артты

769

Елімізде инвестициялық құралдардың бірнеше түрі қолжетімді. 

Халықтың депозиттердегі жинағы 18%-ға артты

2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша халықтың екінші деңгейлі банктердегі жинақтары 10,5 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 17,5%-ға жоғары. Атап айтсақ 2019 жылдың 1 қарашасында оның көлемі 8,9 трлн теңге болатын, деп хабарлады finprom.kz. 

Банкте қаржы сақтау жинақтардың ең жиі кездесетін түрі. Отандастарымыз көбінесе жедел депозиттерді таңдайды. Оның жалпы салымдар бойынша үлесі 85,6% немесе 8,9 трлн теңге. 

Бұлай болудың басты себебі мұндай депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі жоғары, яғни, 9,5%. 

Ал валюта бойынша қазақстандықтардың көбі ақшаларын теңгемен сақтағанды қалайды. Ұлттық валюта бойынша салымдардың үлесі 58,7% немесе 6,1 трлн теңге. Соңғы жылдары мұндай жинақтардың қатары артты. 

Банктердегі депозиттерден бөлек елімізде инвестициялық құралдардың да бірнеше түрі бар. Мәселен, алтын құймалар, инвестициялық монеталар. 

2020 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша ел халқы 3066 алтын құйма сатып алған. Олардың жалпы салмағы 127,6 келі.

Ал 2017 жылдан бері 37,8 мың құйма сатылған. Олардың жалпы салмағы 1,4 тонна. Сатып алушылар көбінесе салмағы 10 грамм құймаларды таңдайды. Олардың үлесі 25%. Сұраныс бойынша одан кейінгі орында 100-граммдық құймалар тұр.  

Өңірлер арасында алтын құймалардың 53%-ы Алматыда сатылған. Одна кейінгі орында Атырау (13%), Нұр-Сұлтан (11%) және өзге аймақтар (23%).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу