Қолма-қол емес төлемдер Қазақстан тарихында алғаш рет қолма-қол ақша сомасынан асты, деп хабарлайды finprom.kz.
Елімізде 2019 жылдың қыркүйек айында қазақстандық және шетелдік эмитенттердің төлем карточкалары арқылы қолма-қол ақшасыз айналым 1,4 трлн теңгені құраса, ал қолма-қол ақша шығарып алу 1,3 трлн теңге мөлшерінде болған.
Бір айда қолма-қол емес төлемдердің үлесі 43,9% -дан 51,7% -ға дейін өскен, ал бір жыл бұрын төлем карталарындағы ақша айналымы 31,7%-ды құраған.
Жалпы алғанда, 2019 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол ақша алу көлемі қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінен асып түсті. Бұл ретте төлем карточкаларынан қолма-қол ақша шығарып алу үлесі бір жыл ішінде 72,5%-дан 58,4% -ға дейін төмендеді, ал 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 90% дерлік болған.
Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айы арасында ел аумағында карталардан банкоматтар мен POS-терминалдар арқылы 11,7 трлн теңге қолма-қол ақша шығарылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% -ға көп. Қаңтар мен қыркүйек арасында қолма-қол ақша алудың жылдық өсу қарқыны орта есеппен 22,4% құрады.
Қолма-қол ақша алу қолма-қол емес есеп айырысуға жол беруін жалғастыруы мүмкін. Халық қолма-қол ақшамен төлем жасауға қайта оралуы мүмкін еді. Себебі, жақында ғана қазақстандықтардың картадан картаға ақша аударымдарына салық салу жоспарланған болатын. Кейінірек Қаржы министрлігі осындай аударымдар үшін жеке тұлғалардан салық өндіруді жоспарламайтындығы туралы мәлімдеме жасады, тек бизнесінде жедел аудару жүйесін қолданатын кәсіпкерлердің кірістерін бақылау мәселесі қарастырылатын болады. Алайда ақша аудару жүйесін пайдаланатын кәсіпкерлер бұдан бас тартып, қайтадан аз бақыланатын қолма-қол ақша айналымына көшеді деген алаңдаушылық туындады.
Дегенмен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты піккірталасқа нүкте қойды. "Президент қолма-қол ақшасыз аударымдарға салық енгізу мәселесін күн тәртібінен алып тастауды тапсырды", – деп мәлімдеді президент көмекшісі Мәулен Әшімбаев.
Бір жыл ішінде қолма-қол ақша алудағы ең жоғары өсімді – 40,8%, 3,2 трлн. теңгеге дейін қаржы орталығы Алматы көрсетті. Бұл ірі мегаполис қолма-қол ақша алудағы үлесін 23,9%-дан 27,5%-ға дейін арттырды. Екінші орында Түркістан облысы мен Шымкент: жылдық өсім 31,3%, 1,1 трлн теңгеге дейін. Сондай-ақ, Нұр Султан қаласында да айтарлықтай қолма-қол ақша алынған – 1,3 трлн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,9%-ға көп. Қолма-қол ақша алудың өсуі Қазақстан Республикасының барлық 17 аймағында байқалды.
Банкоматтарды пайдалану арқылы 10 трлн теңгеге жуық ақша шығарылып, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 21,1% артқан.
Төлем карточкалары көмегімен бөлімшелерде 1,8 трлн теңге алынды, бір жылдағы өсім 27,1% құрады. Осылайша, банкоматтар төлем карталарын қолдану арқылы Қазақстанда қолға шығарылып алынған барлық қаражаттың 84,5%-ын құрады.
Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдердің тез өсіп келе жатқанына қарамастан, елімізде екінші деңгейлі банктері банкоматтар желісін кеңейтуде. Бір жыл ішінде 2019 жылдың қыркүйек айының соңына дейін құрылғылар саны бірден 16,5%-ға артып, 11,6 мыңға жетті. Бұған дейін қатарынан 2 жыл ішінде банкоматтар санының өсуі 2,8% құраған еді.
Айта кету керек, құрылғылар желісінің өсуі қолма-қол ақша қабылдау функциясы бар банкоматтар санының 77,1%-ға, 4,5 мыңға дейін ұлғаюымен байланысты болды, ал cash-in қызметі жоқ банкоматтар саны 4%-ға, яғни 7,1 мыңға дейін қысқарған.
Банкоматтар санының едәуір өсуі Қазақстанның оңтүстік аймақтарында байқалды: Алматы облысында – 31,8%, 560 банкоматқа, Түркістан мен Шымкентте – 28,1%, 938 банкоматқа, Қызылорда облысында – 23,6%, яғни 398 банкоматқа көбейген. Банкомат желісінің кеңеюі Қазақстанның барлық аймақтарында байқалды.