Интернет арқылы сауда жасайтындардың дені алматылықтар

806

Бөлшек саудадағы e-Trading-тің үлесі 3,6 пайызға тең. 

Интернет арқылы сауда жасайтындардың дені алматылықтар

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр интернет арқылы жасалатын бөлшек сауданың үлесі 482 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға жоғары. Оның жалпы бөлшек саудадағы үлесі 3,6 пайызға тең. Көрсеткіш бұдан бір жыл бұрынғы деңгейден сәл төмен (2020 жылы 4,1 пайыз). 

Ranking.kz-тің есебінше, бір жыл ішінде интернет арқылы берілетін тапсырыстар саны шамамен екі есе қысқарған. Былтыр 45,4 млн тапсырыс жасалса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 88,7 млн тапсырысты құраған еді. 

Интернет арқылы сауда жасайтындардың басым бөлігі үш мегаполистің тұрғындары. Мәселен, алматылықтар интернеттегі саудағы 272,8 млрд теңге жұмсаған. Бұл – республикадағы көрсеткіштің 56,6 пайызы. Қалған екі шаһардың көрсеткіші келесідей: Нұр-Сұлтан – 49,2 млрд теңге немесе 10,2 пайыз, Шымкент – 29,5 млрд теңге немесе 6,1 пайыз). Өңірлер арасында Қызылорда (1,3 млрд теңге), Маңғыстау (2,2 млрд теңге) және Түркістан (3,8 млрд теңге) облыстарының көрсеткіштері төмен. 

2021 жылы онлайн сауда жасағандардың әрбір бесіншісі телефон сатып алған. Бұған жұмсалған қаржы – 91,6 млрд теңге. 

Отандастарымыз онлай сауда арқылы негізінен тұрмысқа қажетті электрлі аспаптарды (60,9 млрд теңге), косметикалық тауарларды (54,6 млрд теңге), компьютер, принтер, сканер секілді құрылғыларды (53,9 млрд теңге), автомобильдерге арналған бөлшектер мен керек-жарақтарды (32,9 млрд теңге), құрылыс материалдарын (30,3 млрд тг), сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен сағаттарды (30,1 млрд теңге) сатып алған екен.

Ғалия Әділ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу