Елордада іскер әйелдер кеңесінің V конгресі басталды. "Атамакен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырылатын бұл шараға елдің түкпір-түкпірінен келген екі жүзге жуық әйел қатысуда. Осы жолғы жиын барысында палата жұмысы аясында кеңестің қызметі, стратегиялық бағыттары айқындалмақ. Нақтыласақ, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша мемлекеттік және халықаралық ұйымдармен резолюцияға қол қойылады деп күтілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу