"Йакын Инкар" тобының мүшелері қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны рас па?

3472

Бұл мәселеге қатысты "Әлем тынысы" бағдарламасында қырғызстандық теолог Қадыр Маликов пікір білдірді, деп жазды inbusiness.kz.

"Йакын Инкар" тобының мүшелері қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны рас па?

"Шынымды айтсам, Қырғызстанда ғана емес, бүкіл сарапшылар қауымдастығы да Қазақстан, Ресейде де, басқа елдерде де бұл нұсқаға күмәнмен қарайды. Өйткені біз маман ретінде бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Бұл тенденцияны террористік құрылым деп атауға болмайтынын, одан да деструктивті екенін білеміз. Оны да біздің сот 2017 жылдың қазан айында экстремистік деп таныды. Өйткені ол өзінің деструктивті сипаты жағынан қоғамға қауіп төндіреді", – деді спикер. 

Бірақ ол экстремизм ұғымы мен терроризм ұғымын бөліп қарау керек екенін жеткізді. 

"Олардың идеологиясында, саяси мақсаттарында ерекшеліктері бар. Мысалы, мақсаттары әр түрле, мемлекеттілікті құлату, мемлекеттік конституциялық құрылысты өзгерту немесе сол жерде исламдық үкімет немесе халифат құру және т.б. Әдістері де басқа, айталық терроризм, жиһад және т.б.", – деді теолог.

Фото: Сұлтан Досәлиев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу