Қаладағы қазақстандықтардың табысы ауылдағыдан 38%-ға жоғары

814

Халықтың ақшалай табысы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды облысында айтарлықтай жоғары. 

Қаладағы қазақстандықтардың табысы ауылдағыдан 38%-ға жоғары

2021 жылғы жылғы бірінші тоқсанда халықтың ақшалай табысы орта есеппен жан басына шаққанда 196,5 мың теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда құндық мәнде 10,8%-ға артық.

Халықтың ең жоғары ақшалай табысы Нұр-Сұлтан (275,9 мың теңге) және Алматыда (246,8 мың теңге), ал 246 мың теңге көрсеткішімен Қарағанды облысы Алматыдан сәл төмен тұр.

Ең төменгі табыс Түркістан облысында: 121,8 мың теңге – Нұр-Сұлтаннан 2,3 есе аз және Жамбыл облысындағы табыстан 20%-ға кем (151,8 мың теңге).

2021 жылғы бірінші тоқсанда халықтың ақшалай табысының үштен екісі еңбек қызметінен түскен табыстың үлесінде: 136,5 мың теңге, оның 119,1 мың теңгесі – жалдамалы жұмыстан, 17,4 мың теңгесі – өзін-өзі жұмыспен қамтудан және кәсіпкерлік қызметтен.

Әлеуметтік трансферттерге табыстың 30%-дан аз үлесі тиген. Оның 43,7 мың теңгесі – зейнетақы, ал жәрдемақылар, стипендиялар, АӘК және тұрғын үй көмегі – 9,1 мың теңге.  

Қалған кірістің үлесі – 7,2 мың теңге.

Ауылдық және қалалық жерлердегі халықтың ақшалай табысы арасындағы айырмашылық 2020 жылғы бірінші тоқсанда қала тұрғындарының пайдасына 40,4%, 2021 жылғы бірінші тоқсанда 37,7%-ға дейін азайды.

Қаладағы халықтың табысы 9,9%-ға немесе орташа жан басына шаққанда 221,3 мың теңгеге дейін, ауылдағы халықтың табысы
12,1%-ға немесе 160,6 мың теңгеге дейін өсті.

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу