Қандыағаш-Мақат учаскесіндегі жол пайдалануға беріледі

802

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы халықаралық жолға қатысты мәлімдеме жасады. 

Қандыағаш-Мақат учаскесіндегі жол пайдалануға беріледі Фото: inbusiness.kz

Министр автокөлік иелері 500 шақырым жол үнемдейтінін айтты, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі.

"Қайта жаңарту жұмысы басталғанға дейін автожолдың нашарлығынан Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары арасындағы қатынас Орал қаласы арқылы жүзеге асырылатын. Яғни жолаушылар 500 шақырым артық жол жүретін. Қазір бұл автожолдың бойында құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Биыл Қандыағаш-Мақат (327 шақырым) учаскесіндегі жол құрылысы аяқталып, жол ашылады. Ал келесі жылы осы жол толық пайдалануға беріледі", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу