Қаңтар оқиғасы: 1,5 мыңнан аса адам "жәбірленуші" деп танылды

2644

Мұны орталық коммуникациялар қызметінде ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.

Қаңтар оқиғасы: 1,5 мыңнан аса адам "жәбірленуші" деп танылды

Қаңтар оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлға "жәбірленуші" деп танылған. 12 мыңнан астам адамнан жауап алынып, екі мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған.

"107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер (88 қылмыстық іс) айыптау актілерімен аяқталды", - дейді Әділов.

Сотқа 86 айыпталушы берілді (Алматы қ. – 48, Алматы обл. – 5, Ақмола және Түркістан облыстары - бір).

"Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отрып 52 адамды соттады: олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға кесілді, ал екі адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды", - деді Әділов.  

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2729 қылмыстық іс бар, олар бойынша 255 адам күзетпен ұсталуда. 

Жасаған әрекетінің ауырлығы, жеке басының мінездемесін еске отырып, соттар 140 адамға қоғамнан алшақтатуға байланысты емес бұлтартпау шараларын тағайындады: үйқамақ - 62, кепіл - 33, ешқайда шықпау туралы қолхат - 45.

Бұрын аталғандай қылмыстық істердің негізгі бөлігі келесі қылмыстар бойынша тергелуде: ұрлықтар - 1 844, қарудың заңсыз айналымы - 343, мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою - 144.

Сонымен қатар ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бағдарлы жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні 1 006 қару, 20 307 оқ-дәрі алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу