Қарағанды облысында 15 тоннадан астам заңсыз балық аулау фактісі анықталды

395

Қарағанды облысының прокуратурасы аймақтағы балық айналымына талдау жасады.    

Қарағанды облысында 15 тоннадан астам заңсыз балық аулау фактісі анықталды Фото: qazaqstan.tv

Ішінара тексерістердің негізінде балық тасымалдау көлемінің 15 тоннадан асқаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz.

Мысалы, облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы кәсіпорындардың біріне 19,4 тонна балық аулауға рұқсат берген.

Алайда, аумақтық Ветеринария басқармасы бұл кәсіпорынға 31 тонна балыққа анықтама беру жолымен балық тасымалдау көлемін 11,6 тоннаға арттырған.

Тағы бір компания 560 келі балық аулауға рұқсат алған, ал ветеринарлық анықтама 1,5 тоннаға берілген.

"Мұндай жағдайлар жануарлар әлеміне айтарлықтай зиян келтіреді, атап айтқанда балық ресурстарының азаюы. Қадағалау актісі бойынша кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Конституцияның 38-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары табиғи ресурстарды сақтауға және оларға ұқыпты қарауға міндетті", - деп хабарлады Қарағанды облысының прокуратурасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу