Қарағанды облысында гидротехникалық нысандардың жағдайы алаңдатады

1099

Қарағанды облысында гидротехникалық нысандардың жағдайы алаңдатады

Қарағанды облысы ТЖД басшысы Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында су тасқынының алдын алу мен дайындық барысы туралы есеп берді, деп жазады aikyn.kz.

Бүгінгі таңда тек 16 елді мекенде инженерлік қауіпсіздік үшін 22,1 шақырым бөгет қойылған. Құтқару­шының мәліметіне сүйенсек, су тас­қыны қаупі бар елді мекендерде құлақ­тандыру жүйелері толығымен ор­натылмаған. Мәселен, 110 елді мекеннің тек 47-iнде жергілікті хабар­ландыру жүйелері бар. 

"Облыстың гидротехникалық құрылыстарының жағдайы ерекше алаңдатып отыр. Аймақ бойынша 228 су шаруашылығы тіркеуде тұр, – деді И.Күлшімбаев.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айы­нан бастап аймақтағы барлық су нысандары жан-жақты тексерілуде.

Облыстағы 64 гидротехникалық құрылыс, атап айтқанда, Абай ауда­нында 16 су нысаны, Бұқар жырау ауда­­нында 27 су нысаны, Шет ауда­нын­да 12 су нысаны, ал Жаңаарқа, Қа­ражал, Осакаров аудандарында сәй­кесінше 1, 2, 6 су нысандары тек­се­­рістен өтті. Солардың ішінде 16 су қой­масы әбден ескірген дейді басшы.
Нұрмұхамбет Әбдібеков қала және аудан әкімдеріне, АҚ және ТЖ жөніндегі облыстық қызмет басшы­ларына, басқару органдары мен аза­маттық қорғаныс күштеріне төтенше жағдайлардың алдын алу жүйелерін дайындауға қатысты нақты тапсыр­малар берді.

Сонымен қатар қалалар мен аудан әкімдеріне, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу бас­қармасына, өзге де мүдделі мем­лекеттік органдарға гидротехника­лық нысандарда су бөгендері мен қойма­ларын алдағы су тасқынына дайындау жүктелді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу