Қарағанды облысында қызылша бойынша сырқаттылық артып, эпидемиологиялық жағдай алаңдатарлық деңгейде

442

 Екпе алмаған адамдар арасында қызылшамен ауыру көрсеткіші 87 пайызды құрап отыр. 

Қарағанды облысында қызылша бойынша сырқаттылық артып, эпидемиологиялық жағдай алаңдатарлық деңгейде Фото: gov.kz

Ауру көрініс берген былтырғы жыл соңынан 15 қаңтарға дейін аймақта 920 науқаста қызылша сырқаты зертханалық расталған.

Қызылша - жұқпалылығы жоғары, ауа тамшылары арқылы берілетін және сәйкесінше екпе алмаған адамдарға 100% қауіпті инфекция дейді санэпид бақылау департаментінің мамандары. Әрі вирус ауа арқылы үлкен қашықтыққа оңай таралады. Ауру дендеген былтырғы қазан айынан 15-ші қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысында қызылшаға күдікпен 1 мың 341 жағдай тіркеліп, 920 науқастың нақты қызылша сырқатымен ауырғандығы зертханалық тұрғыда дәлелденіп отыр. Яғни СЭС мамандары бүгінде біздің облыста қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай ұшығып аурудың таралу ауқымы артқанын атап өтті. Сырқаттанушылардың 87 пайызы қызылшаға қарсы екпе алмағандар.

"Жас құрылымында 14 жасқа дейінгі балалар басым, 90 пайызды құрап отыр. Олардың жартысынан көбі бес жасқа дейінгі балалар. Қызылшаға қарсы вакцинациямен қамтудың олқылықтарына байланысты сырқаттылықты тіркеу облыстың барлық өңірінде байқалады." -деді, Қарағанды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жанна Рашитова.

Яки қызылшаға қарсы вакцинациямен қамтудың олқылықтары бұл ретте тұрғындарымыздың жаппай иммунитетті қалыптастыруда қажетті көлемде екпе алмауы және тұрғындар арасында белсенді көп қону инфекцияның тез таралуына ықпал етіп отыр. Назар салар мәселе, қызылша ауыр асқынулармен қауіпті. Ауру асқынса ағзада отит, пневмония және жүйке жүйесі жағынан – энцефалит, менингит, паненцефалит сынды ауруларды тудырады. Мәселен Паненцефалит - бұл мидың зақымдануының ең ауыр асқынуы, ол қызылшамен ауырғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң дамуы мүмкін және мүгедектік пен өлім жайттарына алып келуі ықтимал.

"Қызылшаның жұқпалылығы өте жоғары болғандықтан, вирус ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан және сыртқы ортада өте тез төзімді болуына байланысты, қызылшамен ауыратын науқастармен байланыста болған кезде, екпе алмаған, ауырмаған ауырмаған адамдардың барлығы дерлік ауруға шалдығады"-деп атап өтті Қарағанды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жанна Рашитова.

Мамандар қызылша жұқтырып, ағзада басқа қауіпті сырқаттар туындамас үшін, жас мөлшеріне сай тұрғындарымыз екпе жасатса дейді. Қызылша бойынша қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты 6 қарашадан бастап елімізде жаппай иммундау науқаны жүргізіліп жатыр. Бұл күнде 6 айдан 11 айға дейінгі нәрестелерге және 2 жастан 5 жасқа дейінгі сәбилерге және медицина қызметкерлеріне екпе салып жатыр. 15 қаңтардағы жағдай бойынша облысымыздың 28 мыңнан астам тұрғыны екпе алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу