Қарағандылық әскери қызметшілер #Аbai175 челленджіне қолдау көрсетті

1228

Әскери қызметшілері Абай-челленджге қолдау көрсетіп, бейнеролик түсірді. 

Қарағандылық әскери қызметшілер #Аbai175 челленджіне қолдау көрсетті

Қарағанды қаласының 50185 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Абай-челленджге қолдау көрсетіп, бейнеролик түсірді. Онда олар Абайдың "Өлең – сөздің патшасы" атты шығармасын оқыды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Идея авторы 50185 әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Арман Құдайбергенов. Әскер қызметі жөніндегі штаб бастығының орынбасары майор Сұңғат Мақсұтов сценарист, режиссер, оператор және монтажер ретінде өз үлесін қосты. Өлеңді бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Серік Рамазанов, жедел қызмет қатардағы жауынгері Нұрдәулет Бүркітбаев, келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Ақбота Маматилова, аға лейтенант Жандос Оңлас, майор Жайнар Смағұл және аға лейтенант Шыңғыс Зұлқарнаев оқыды.

Абай-челлендж – ұлы қазақ ақыны және ойшыл Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқитын поэтикалық эстафета. Челлендж ұлы жазушының 175 жылдығына арналған.

Еске сала кетсек, эстафетаны тоғыз жасар оқушы Ләйлім-Шырақ пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу