Мұндай шешімді Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімі Қ.Утаров осы жылдың 20 тамызында қабылдады.
Ол Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Ж. Жаңабайды төтенше жағдайды жою бөлімінің жетекшісі етіп тағайындады.
Бұрын бұл аймаққа облыс әкімі Оңдасын Оразалин келіп, Байғанин ауданында мұнай әзірлеуші, әрі өндіруші "Gas Processing Company" ЖШС басшылығына қоршаған ортаны барынша қорғауды қамтамасыз етуге, өнеркәсіптік кәсіпорындарда жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыруға, сонымен қатар жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауына ерекше назар аударуды тапсырды.
Бір жыл бұрын осы аудандағы Қаратөбе кен орнындағы Г-36 ұңғымасынан мұнай ағып кетіп, Байғанин ауданында төтенше жағдай режимі жарияланған. Осыған байланысты аймақ басшысы кен шығару орнында көшпелі кеңес өткізді, кеңес барысында осындай төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты мәселелер талқыланып, қолданылып жатқан шаралар тыңдалды.
Саян Абаев