Қарыз үшін 25 жастағы жігітті өлтірген

831

Қара жамылған отбасы бұл іске қатыстылар әділ жазасын алуын талап етіп отыр. 

Қарыз үшін 25 жастағы жігітті өлтірген

Оқиға Түркістан облысы, Сайрам ауданында орын алған. 25 жастағы жігіт  өткен жұмада кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Туыстарының айтуынша, оған танысы шамамен 8 млн теңгедей қарыз болған және сол күні ол күдіктімен қарызын алу үшін кездесуге шыққан, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Марқұмның әйелі 14 наурыз күні полицейлерге күйеуінің жоғалғаны туралы арыз түсіріпті. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру шаралары мен бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқасында айғақты заттар жиналып,  жоғалған азамат өзінің "БМВ" көлігін тастап,   күдіктінің көлігіне отырып кеткені анықталады. Алғашында қарызы бар ер азамат өз әрекетін мойындамаған, бірақ барлық дәлелдемеден соң кінәсін толық мойындаған.

"Тексеру барысында белгілі болғандай, жоғалған ер азамат өзінің танысындағы ірі көлемдегі ақшасын алу үшін жолыққан. Күдіктінің көлігіне отырып, жолда кетіп бара жатып екеуінің арасында дау жанжал туындаған. Нәтижесінде қарызды қайтарғысы келмеген күдікті ер азаматты аяусыз қылқындырып өлтірген.  Ал мәйітті өзінің бұрынғы жұмыс істейтін орны, карьердің маңына ауыр қылмысын жасыру мақсатында көміп тастаған",– деді Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.   

Күдікті дереу қамауға алынды, ол бұған дейін соттамаған Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Бүгінде бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігімен "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу