Қаржыландыру көлемі 1,5 есе ұлғайды

1768

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасын жүзеге асыруға 421 млрд теңге жұмсалады.  

Қаржыландыру көлемі 1,5 есе ұлғайды

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының аяқталуына байланысты үкімет жаңа жоба әзірледі.

"Бизнестің жол картасы - 2025" деп аталатын мемлекеттік бағдарлама осыған дейін қолданыста болған бағдарламаның жалғасы саналады.

"Жобада мақсаттар мен міндеттер сақталды, қолдау құралдары жетілдірілді. Олардың тиімділі мен қолжетімділігі артты. Бірінші, несиелеу көлемі 60 млн-нан 360 млн теңгеге дейін ұлғаяды. Екінші, несиелердің қолжетімділігі арттады. Үшінші, жұмыспен қамту және салық түсімдерін арттыру талабы жетілдірілді. Төртінші, кәсіпкерлерді әр сатыда сүйемелеу күшейді",– деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, "Бизнестің жол картасы - 2025" мемлекеттік бағдарламасына  421 млрд теңге қарастырылған. Қаржыландыру өткен бесжылдықпен салыстырғанда 1,5 есе ұлғайған.

"Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасында нысаналы индикаторлар көзделген. Олар еліміздің 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес келеді. Сәйкесінше жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнес үлесі  кем дегенде 35%-ға, өңдеуші өнеркәсіптің үлесі кемінде 13,4%-ға жеткізіледі. 

Шағын және орта бизнестің үдемелі дамуы экономиканың сапалы өзгеруіне ықпал етеді. Бұл үшін қажетті шаралар қабылдануда. Бизнесті жүргізу шарттары түбегейлі жақсарады. Кедергілер төмендетіліп, рұқсат беру құжаттарының тізбесі қысқарады. Шағын және орта бизесті ынталандыру шаралары қабылдануда. Біздің міндетіміз - іскерлік ортаны жетілдіру. Бұл экономиканың өсуіне ықпал етеді. 2025 жылы экономиканың 3/1-ден астамы шағын және орта бизнеске тиесілі болады. Ал 2050 жылға қарай шағын және орта бизнес жалпы ішкі өнімнің жартысын құрайды", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу