Кәсіпкерлерге қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынады

476

Осы ретте қарағандылықтардан дүкенде тек қолма-қол ақшамен төлеуді талап еткен жағдайда не істеу керектігі жайында кеңес берілді. 

Кәсіпкерлерге қолма-қол ақшасыз төлем қабылдаудан бас тартқаны үшін айыппұл салынады Фото: Қарағанды облыстық ӨКҚ

2024 жылы Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың кезекті кезеңі басталды, оның кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты екендігін айта кеткен жөн. Бағдарламаға заңды тұлғалар, олардың құрылтайшылары және жұбайлары; жұмыс істеп тұрған, әрекетсіз және қызметін уақытша тоқтатқан жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары қатысты. Мемлекетке салық төлемеу үшін  кейбір кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауды доғарып, қолма-қол ақша талап етіп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында кәсіпкерлер тұтынушыларға төлемді өздері үшін ыңғайлы кез келген тәсілмен қабылдауға міндетті және "төлемдер және төлем жүйелері туралы "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "сатып алуларға тек қолма-қол ақша төлеуді талап етуге құқығы жоқ" деп айтылды.

 "Мобильді аударымдар арқылы ғана алып жатыр. Мұндай жағдайда, түсіндіре кететін болсам, аударым арқылы төлем қабылданған жағдайда, POS-терминалдар және QR-кодтар арқылы төлем жүзеге аспай қалады. Бұл дегеніміз кәсіпкердің тарапынан табыстарды жасырған болып есептеледі. Ақшалай төлем талап етсе, сізге сәйкесінше чек берілмейді. Ал, сіз тауарды қайтып беретін болсаңыз, сатып алғаныңызды дәлелдей алмайсыз. Бұл құқық бұзу", - деп атап өтті өз сөзінде, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Алданыш Адамбеков

Жеке тұлғалар бұл ретте алаңдамаса болады. Бұрынғыдай туыстарына, жақындарына, достарына төлемдер жасай алады және қабылдай алады. Осыған байланысты оларға ешқандай шектеулер жоқ. Сонымен қатар, кәсіпкерді ақшалай төлем талап еткені үшін жауапқа тартып, айыппұл салынатындығы да айтылды.

 "Кәсіпкердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Заң бойынша карталар арқылы,  терминалдар, кассалық аппараттар, қолма- қол ақша арқылы  төлемдер қарастырылған", - деді Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Алданыш Адамбеков

Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметтің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Барлығы үйреніп қалған мобильді аударымдар бақылау-кассалық аппараттар, POS-терминалдар және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Сондай-ақ, бұл салық төлемеудің амалдарының бірі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу