Қаскелеңдегі газ жарылысынан жарақат алғандардың тағы біреуі қайтыс болды

1076

81 жастағы әйел ауруханада көз жұмды.

Қаскелеңдегі газ жарылысынан жарақат алғандардың тағы біреуі қайтыс болды

Алматы облысының Қаскелең қаласындағы бес қабатты үйде болған жарылыс тағы бір адамның өмірін қиып кетті. "Интерфакс-Қазақстан" 1939 жылы туған әйелдің Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жан тапсырғанын хабарлады.

"Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне хабарласқанымызда 1939 жылғы емделушінің жансақтау бөлімінде көз жұмғанын мәлімдеді. Ауруханаға түскен өзге емделушілердің жағдайы тұрақты екені де айтылды", – деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".

Еске салсақ, кеше сағат 13.15-те Қаскелең қаласының Төле би көшесіндегі бес қабатты үйде газ жарылып, ғимараттың бөлмелерді жалғап тұрған қабырғалары опырылған болатын. 10 жастағы бала оқиға орнында көз жұмып, 3 бала мен 4 ересек ауруханаға жеткізілген. 
Қалған тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген, қазір әкімдік ұсынған уақытша баспананы паналауда.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу