Kaspersky: Ұйымдардағы киберқауіпсіздіктің әрбір 10-оқиғасы қиын жағдай туғызуы мүмкін

944

Kaspersky зерттеуіне сәйкес, бүкіл әлемдегі ұйымдардағы оқиғалардың 9% елеулі ақаулар туғызып, корпоративтік активтерге рұқсатсыз қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Kaspersky: Ұйымдардағы киберқауіпсіздіктің әрбір 10-оқиғасы қиын жағдай туғызуы мүмкін

Мұндай жағдайлар барлық салаларда тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кибершабуылдар көбінесе мемлекеттік органдарға (41%), IT-компанияларға (15%) және қаржы институттарына (13%) әсер еткен. Барлық анықталған сыни оқиғалардың үштен бірі (30%) - күрделі мақсатты шабуылдар. Төрттен бір бөлігі (23%)- зиянды БҚ-ның, соның ішінде бопсалау бағдарламаларының күшті шабуылдары. 9% жағдайда зиянкестер әлеуметтік инженерия әдістерінің көмегімен корпоративтік IT-инфрақұрылымға қолжетімділікке ие болған.

Оқиғалардың басым көпшілігіне (72%) орташа күрделілік деңгейі берілді. Яғни олар активтердің өнімділігіне әсер етуі мүмкін.

"Біздің мәліметтеріміз мақсатты шабуылдардың өте кең таралғанын көрсетеді: оларға бүкіл әлемдегі ұйымдардың төрттен бір бөлігі (27%) тап болды. Жақсы жаңалық, компаниялар бұл қауіптер туралы біледі және Red Teaming сияқты корпоративті периметрдің қауіпсіздік деңгейін бағалауға көмектесетін қызметтер сияқты қарсы шараларды қолданады. Сондай-ақ олар киберқауіпсіздік бойынша мамандарға жүгінеді", - дейді "Kaspersk"-дің киберқауіпсіздік мониторингі орталығының жетекшісі Сергей Солдатов.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу