Каспийде "Акватакси" жобасы 2017 жылдың жазында іске қосылады

915

Каспийде "Акватакси" жобасы 2017 жылдың жазында іске қосылады

Туризмді дамыту мақсатында үстіміздегі жылдың жазында Ақтауда  құны 100 млн теңге болатын "Акватакси" жобасын іске асыру жоспарланған, деп мәлім етті қала әкімі Серікбай Тұрымов.

"Акватакси" жобасы туризмді дамыту бағдарламасы аясында әзірленген. Ол Каспий айдынында шағын кемелермен жолаушы тасымалдауды қарастырады.  Болжанғандай,  Ақтау тұрғындары мен қонақтары алдағы жазда жаңа қызмет түрін  пайдалана бастайды", – деді Серікбай Тұрымов Ақтау халқымен есептік кездесуде. Бұл туралы  "Интерфакс-Қазақстан" жазып отыр.

Қала басшысының дерегі бойынша, "Акватакси" 20-25 адамды тасымалдауға шақталған.

"Жол жүру құны бір жолаушыға шамамен 1 мың теңгені құрайтын болады. Жобаны іске асыруа 100 млн теңге бөлінген. Жоба жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы бойынша қаржыландырылады", – деп түсіндірді қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу