Қазақстандық саясаттанушы Данияр Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаев хабарланған кезектен тыс президент сайлауына түсетін басты жалғыз кандидат болады деп есептейді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан.
"Кандидат (кезектен тыс президент сайлауында) біреу. Ол Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның президенттік сайлауға түсетіні басында белгісіз болды. Бірақ оның бұған дайын екеніне күн санап көзіміз жетті. Сонымен қатар бүкілхалықтық сайлау билік ауысқаннан кейінгі туындаған барлық мәселені мойнына артатыны түсінкті", – дейді Данияр Әшімбаев.
Оның сөзінше, сайлау науқаны "кандидаты халыққа жақсылап таныстыру үшін" қажет болуы мүмкін.
"Қалай дегенде де халық билікке дауыс береді. Халықтың бәрі бірдей жаңа президенттің мақсаты мен көзқарасын білмейді. Сондықтан электоральды компания осы мәселенің барлығын шешуге тиіс. Қазір Тоқаевты халыққа дұрыстап таныстыру керек", – деп атап кетті саясаттанушы.
Сонымен қатар барлық дайындық жұмысы жүргізілгенін, барлық саяси құрылымдар дайын екенін, кадрлар орныққанын атап кетті.
"Қазір тап сайлау өткізуге қолайлы уақыт. Бұл ең бірінші, үкіметтің тұтастығы мен саяси жүйесінің тұрақтылығы үшін қажет", – деп түйіндеді.