Қазақстан климаты әлемдік көрсеткіштен 2 есе жылдам жылынып барады

1684

2019 жыл соңғы он жылдағы ең ыстық жылдардың бірі болды.

Қазақстан климаты әлемдік көрсеткіштен 2 есе жылдам жылынып барады

Әлемдік климатологтардың пікірінше, жаhандық жылыну үдерісінің басты себебі – адамдардың әрекеті салдарынан ауада көмірқышқыл газ мөлшерінің артуы. 
Ол өз кезегінде климатты қалыпты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Көмірқышқыл газсыз әлемдегі орташа температура -18℃ болар еді. Алайда оның мұнай, газ бен көмір өндірісінің айтарлықтай артуы келеңсіз жағдайларға әкеп соқтыруда. Оның ең маңыздысы – климаттың өзгеруі, деп хабарлады energyprom.kz. 

Баламалы энергия көздері дамығанын ескерсек те, көмір мен көмірсутек жанармайына жалпы тұтынылатын энергияның 81%-ы тиесілі. 

Көптеген ғалымдар мен климатологтардың пікірінше жаhандық климаттың өзгеруі адамның өндірістік және ауыл шаруашылық іс әрекетінің көрінісі. 

Бұл ретте көмірқышқыл газ және өзге де ауаға тарайтын зиянды қалдықтар бойынша Қытай, АҚШ және Үндістан көш бастап тұрғанын айта кету керек. 
Ал біздің еліміз әлемдік экологияға 1% зиян келтіруде деген статистикамен бұл тізімнің 23-ші сатысына жайғасқан. 

Еске сала кетсек, 2016 жылы Қазақстан зиянды қалдықтар мөлшерін төмендету туралы Париж келісіміне қол қойған. 

Қазақстан үшін мұндай халықаралық құжат талаптарын сақтау аса маңызды. 
"Қазгидромет" РМК-нің хабарлауынша, соңғы 30 жылда ел климаты әлемдік ауа райымен салыстырғанда, 2 есе жылдам жылынған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу