Қазақстан мұнай экспорттауда жыл сайын 1 млрд теңге үнемдеуде

689

Бұл отандық ғалымдар ойлап тапқан құрылғының арқасында мүмкін болып отыр.

Қазақстан мұнай экспорттауда жыл сайын 1 млрд теңге үнемдеуде

Қазақстан тек тұтқырлы мұнай тасымалынан жыл сайын 1 миллиард теңге үнемдеуде, деп хабарлайды Atameken Business.

Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мамандары шикізатты экспорттауға арналған "Смарттран"  жүйесін ойлап тауып, соның тиімділігін талқыға салды. Бұдан бөлек мамандар аталған жобаны мемлекеттік сыйлыққа ұсынуды жоспарлап отыр. 

Қазіргі кезде мұнай тасымалында алпауыт компания саналатын "Қазтрансойл" 2015 жылдан бері осы құрылғыны пайдаланып келеді екен. 

Айта кету керек, цифрлық жүйе, яғни "Смарттран" құрылғылары еліміздегі 5377 шақырым құбырға орнатылған. Себебі елімізде шығарылған шикізат тез қатып, оны тасымалдауда бірақ қиындықтар туындаған. Алайда қазіргі таңда бұл проблемалардың бірқатары шешілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу