Қазақстан және Өзбекстан Президенттері "Caspian Food" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

766

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері "Caspian Food" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

Мемлекеттер басшыларына "Caspian Food" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралау барысында кәсіпорынның жүзім өсіру, шарап жасау ісін дамыту саласындағы жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Екі елдің басшылары жүзім қабылдау және оны ферментациялау сатысының технологиялық желісімен танысты, сондай-ақ өнім тазартылып, құтыларға құйылатын цехтарды аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёевке жүзім алқабы мен жаңғақ егілетін аумақтар көрсетілді.

***

Зауыттың ақ және қызыл шарап өндіру үшін қажетті қуаттылығы жеткілікті, сондай-ақ шығарылатын шараптың сапасына бақылау жүргізетін зертхана бар. Кәсіпорындағы өндірістік кезең еуропалық үздік стандарттарға сай жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу