Қазақстанда балалар медиациясы құрылмақ

1065

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева осындай бастама көтеріп отыр.

Қазақстанда балалар медиациясы құрылмақ

Сәуле Айтпаеваның сөзінше, балалар медиациясының жұмысына өңірдің құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары қатысуы керек. Себебі, балалардың құқықтарын қорғау туралы заңдар, орталық деңгейде қабылданған шаралар жергілікті жерлерде орындалмайды.

 "Екі айдың ішінде бала құқықтары жөніндегі уәкілге 80-нен астам өтініш келіп түсті. Өтініштердің дені отбасылық мәселелерге арналған. Атап айтқанда, алимент төлеу, отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі, бала тәрбиелеудегі ережелер, денсаулық сақтау мен білімге қатысты мәселелерді қамтиды", – деді Сәуле Айтпаева "Үкімет үйінде" өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көп жағдайда тұрғындардың заңды құқығы мен мүддесін түсіндіруге міндетті жергілікті органдар жерге қаратып жатады.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу