Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 15,8 трлн теңгені құрады

714

Бөлшек сауда көлемінің жартысы Алматы, Астана және Қарағанды облыстарына тиесілі.  

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі 15,8 трлн теңгені құрады Фото: inform.kz

Былтыр бөлшек сауда көлемі 15,8 трлн теңгені құрады. Бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда ақшалай мәнде 18%-ға артық. Ішкі сауданың жалпы көлемінен бөлшек сауда үлесі бір жылда 2022 жылы 31,1%-ға дейін азайды, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы бөлшек сауда көлемінің үштен бір бөлігі Алматыға тиесілі (5,1 трлн теңге). Үздік үштік қатарында Астана (2 трлн теңгеге жуық) және Қарағанды облысы (1,3 трлн теңге) бар.

Бөлшек сауда көлемінің айтарлықтай бөлігі азық-түлік емес тауарларды құрады (10,1 трлн тг). Азық-түлік тауарларының саудасы секторында ақшалай мәндегі көрсеткіш 12,8%-ға, 5,6 трлн теңгеге дейін артты. Десек те, нақты мәнде 5,4%-ға азаюы байқалды.

Соңғы 5 жылда бөлшек сауда құрылымындағы азық-түлік емес тауарлардың үлесі орташа есеппен 61,7% -66,6% аралығында өзгеріп отырады.

Республика бойынша азық-түлік емес тауарлардың үлесі Ақмола облысында 51,3%-дан Абай облысында 78,7%-ға дейін өзгеріп отырды. Бөлшек сауда құрылымындағы азық-түлік емес тауарлардың қомақты үлесі Алматы облысында (77,2%) және Шымкент қаласында (71%) тіркелді.

Меншік нысаны бойынша бөліп қарастыратын болсақ, бөлшек сауданың айтарлықтай көлемі жеке кәсіпорындарға тиесілі (13,7 трлн теңге).  Бұдан бөлек шетелдік кәсіпорындардың үлесі 2,1 трлн теңгені құрады.

Бөлшек сауданың ең көп көлемі шағын компанияларда орындалды (10,1 трлн теңге). Ірі кәсіпорындарда бұл көрсеткіш 3,9 трлн тг болса, орта кәсіпорындарда 1,8 трлн тг болды.

Өткен жылы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы азық-түлік емес тауарлардың бөлшек сауда бағасы 13,5%-ға өскенін көрсетіп отыр.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасы 19,3%-ға жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу