Қазақстанда бомбадан қорғанудың жаңа тәсілі енгізілмек

346

Қазақстанда ТЖ жағдайында халыққа контейнерлік баспана орнату жоспарлануда.

Қазақстанда бомбадан қорғанудың жаңа тәсілі енгізілмек Фото: inhabitat.com

Қазақстанда бомбадан қорғанудың жаңа тәсілі енгізілмек. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі мәлімдеді. 

Сырым Шәріпхановтың айтуынша, мұндай баспаналарды ел бойынша салу жоспарланып отыр. Жоба бойынша онда жеке құрам мен тұрғындарды орналастыруға болады. Министрдің сөзінше контейнер каркасты пананың прототипі Астанадағы өрт сөндіру бөлімшелерінің бірінде тұр.

"Біз бұл мәселені көтеріп, жақын арада шешуге тырысамыз. Ол үшін алдымен қай жерге қандай және қанша баспана керегін есептеп, дәлелдеу керек. Жоба тексерістен өткен соң ел бойынша осындай нысандар сала бастаймыз", – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу