Қазақстанда екпе жасаудан бас тартатындар саны артып барады

905

Қазақстанда екпе жасаудан бас тартатындар саны артып барады

"Қоғамның денсаулығын сақтау жоғары мектебі" (ҚДЖМ) медициналық университетінің директоры Ержан Өтеулиевтің айтуынша, Қазақстанда екпе алудан бас тартатындар саны артып барады.

"Біз екпе жасаудың ұлттық міндетті күнтізбесі бойынша екпе жасау аясында бас тартылған жағдайлар туралы сөз етіп отырмыз. Өкінішке қарай, шынымен де, бүгінгі күні бұл өзекті мәселе болып отыр, өйткені бас тартқандар саны өсіп барады. Бұл жақсы үрдіс емес", – деп атап өтті  "Интерфакс-Казахстан" агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз жиынында Е.Өтеулиев.

"Әр аймақтағы бас тартқандардың айтар себептері де әр түрлі. Мысалы,  діни сенімге байланысты бас тарту жәйттері бар. Ал кейбір өңірде жеке басының түсінігі бойынша бас тартады. Бұл санатқа жататындар бас тарту себебін ашып айтпайды. Сондай-ақ екпенің пайдалы жақтары туралы дұрыс ақпараттандырылмаған  халық тобы да бар (...)", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу