Қазақстанда қалпына келетін энергия өндіру көлемі өсті

1208

Қалпына келетін энергия көздерін пайдалану нысандарының қуаты 2016 жылмен салыстырғанда 6,8 есе артты. Жыл басында оның қуаты екі мың МВт болды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме беріп.

Қазақстанда қалпына келетін энергия өндіру көлемі өсті

Белгіленген қуаттың көп бөлігі күн электр станцияларына (мың МВт), сосын жел электр станцияларына (684 МВт) тиесілі. Шағын ГЭС (281 МВт) және биоэлектростанциялар (7,8 МВт) одан кейінгі қатарда.

Әлемде, bp.com порталының мәліметтері бойынша, 2020 жылы қалпына келетін энергия көздері нысандарының электр энергиясын өндіруі бір жылда 12,8% (3,1 трлн кВт⋅с) өсті. Өндіру көлемі бойынша Қытай, АҚШ және Германия көш бастады. 

ТМД елдері арасында Украина көш бастап тұр. Мұнда электр энергиясын өндіру көлемі 9,7 млрд кВт⋅с – бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 83,9%-ға артық.

Екінші қатарда Қазақстан (портал деректері ҚР Энергетика министрлігінің көрсеткіштерінен басқаша (3,7 млрд кВт⋅сағ). Үшінші қатарда Ресей (3,5 млрд кВт⋅сағ) орналасқан.

Парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін қалпына келетін энергия көздері объектілерін енгізу бойынша елдер рейтингінде https://ccpi.org/wp-content/uploads/CCPI-2022-Results_neu.pdf Қазақстан 63-тің ішінен тек 59-орынды иеленді. 

ТМД елдерінің арасында рейтингте Қазақстаннан жоғары – Украина мен Беларусь.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу