Қазақстанда құрастырылған алғашқы Ми-8АМТ тікұшағы ТЖМ-ға беріледі

594

Жиналатын тікұшақтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, авариялық-құтқару жұмыстары, ормандарды күзету, өрт сөндіру, санитариялық авиация қызметтерін көрсету, сонымен қатар құқық қорғау міндеттерін орындау бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге арналған.

Қазақстанда құрастырылған алғашқы Ми-8АМТ тікұшағы ТЖМ-ға беріледі

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "Ресей тікұшақтары" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Сергей Фоминмен кездесті. Кездесуде МИ-8 тікұшақтарын Алматы қаласында орналақан №405 зауытта құрастыру бойынша Қазақстан-Ресей бірлескен жобасын іске асыру аспектілері талқыланды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Азаматтық нұсқадағы алғашқы тікұшақ құрастырылды, ұшу сынақтарынан өтті және Қазақстан ТЖМ бөлімшелеріне беру үшін дайындалды. Жыл бойы Қазақстанда құрастырылған 8 машинаны пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сергей Фомин Қазақстан зауытының инженерлері мен мамандарының кәсібилігі мен құзыреттілігіне тоқталды.

Кездесу барысында үш жыл ішінде құқықтық ресімдеу, қазақстандық тарапқа техникалық құжаттаманы беру жүргізілгені атап өтілді. Бұл жұмыстың нәтижесі Қазақстанда құрастырылған алғашқы винтті МИ-8 машинасы болды.

Айта кетсек, Қазақстанда өнеркәсіптік кооперация және тікұшақтарды құрастыру туралы шешім 2015 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде РФ Президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында қабылданған болатын.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу