Қазақстандық банктерге кибершабуылдар саны артты

750

Жыл басынан бері 130 жағдай тіркелді. 

Қазақстандық банктерге кибершабуылдар саны артты

Соңғы жылдары әлемде және Қазақстанда да электронды коммерция нарығы қарқынды дамуда. Нәтижесінде қолма-қол емес төлемдерге сұраныс артты. Биылғы жылдың қазанындағы жағдай бойынша елімізде 44,3 млн төлем картасы қолданыста екені анықталды. 

Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 45%-ға жоғары. Өткен жылдың қазанында 30,6 млн төлем картасы тіркелген. Аталған көрсеткіш соңғы жылдардағы ең жоғары нәтиже болып есептеледі. 

Елімізде, әсіресе, дебеттік карталарға сұраныс жоғары.
Яғни олардың үлесі – 76,5%, ал несие карталарының үлесі 20,0%-ға тең. 
Ал төлем карталарын пайдаланатындар саны бір жылда 36,7%-ға артып, 37,2 млн тұтынушы тіркелген. 

Сонымен қатар елімізде қолма-қол емес төлемдерге сұраныс артқанын статистикадан байқауға болады. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйегінде мұндай төлемдердің жалпы сомасы 2,7 есеге артып, 22,3 трлн теңгені құрады. Бұл ретте олардың негізгі үлесі (81%) ұялы қосымшаларға тиесілі. 

Бұған қоса интернет алаяқтық пен кибер шабуылдар көбейген. 2020 жылдың сегіз айында елімізде 8,3 мың интернет алаяқтық тіркелген. Бұл өткен жылдан 52,8%-ға жоғары. Соңғы үш жылда мұндай қылмыстар 2 есе артты. Аталған заң бұзушылықтардың ішінде әлемде ең жиі кездесетіні фишинг немесе банктік ақпараттарды ұрлау болып табылады. 

2020 жылдың он айында елімізде мұндай 1090 фишингтік шабуыл тіркелді. Ал нақты банктерге жасалған шабуылдар саны биыл 134-ке жетті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу