Қазақстанның Орталық депозитарийінде АҚШ бағалы қағаздарының үлесі артты

924

Екі айда бұл көрсеткіш 72%-ға жетті.

Қазақстанның Орталық депозитарийінде АҚШ бағалы қағаздарының үлесі артты

Шетелдік бағалы қағаздарды көшіру үшін Орталық депозитарийде (KSCD) жеке шоттары бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары 24 ақпан мен 24 сәуір аралығында KCSD-ге бағалы қағаздарды номиналды ұстаудан енгізу және шығару туралы 4 300-ге жуық бұйрықты тіркеуге берді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 9,1 есе жоғары, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2022 жылғы 24 сәуірдегі жағдай бойынша халықаралық депозитарийлер KSCD арқылы берілген 4300 бұйрықтың жартысынан көбін орындады.

"Енгізілген санкциялардың нәтижесінде ресейлік есеп ұйымдарының қызметтерін пайдаланатын бағалы қағаздар нарығының аймақтық және жергілікті кәсіби қатысушылары халықаралық капитал нарықтарының инфрақұрылымына қолжетімділікпен шектелді. Euroclear және Clearstream халықаралық депозитарийі ресейлік есеп ұйымдарының шоттары бойынша және олармен операциялар жүргізу мүмкіндігі бойынша шектеулер енгізді", – деп түсіндірді депозитарийде.

Осы кезеңде қызмет көрсетуге 38,5 млрд бағалы қағаздар берілді, қызмет көрсетуден – 1,5 млрд бағалы қағаздар шығарылды. KCSD-де қызмет көрсетілетін шетелдік бағалы қағаздар шығарылымдарының саны 2,7 есе 350-ден 939-ға дейін өсті.

"Бұл негізінен шетелдік кастодиандардың, брокерлер мен депозитарийлердің шоттарында сақтаған қазақстандық инвесторлардың активтерін "репатриациялау" есебінен болып отыр. Болашақтағы өңірлік инвесторлар тарапынан қызығушылықты жоққа шығармаймыз. Бұл ретте KCSD қолданыстағы заңнамаға, KYC, AML/FT халықаралық стандарттарына қатаң сәйкестікте жұмыс істеді және жұмысын жалғастыруда және санкциялық шектеулерді сақтайды", – деп түсіндіреді Орталық депозитарийдің басқарма төрағасының орынбасары Едил Медеу.

Тіркелген елдер бойынша шетелдік бағалы қағаздардың құрылымын қарастыратын болсақ, KCSD-де қолданысқа енгізілген жаңа шығарылымдардың ең үлкен көлемі АҚШ-қа (72%), Ирландияға (5%), Кайман аралдарына (3%) және Ұлыбританияға (3%) келетінін атап өтуге болады.

Бағалы қағаздардың жаңа шетелдік эмиссияларының ішінде жартысынан көбі (63%) резидент еместердің акциялары, бестен бірі (20%) – пайлық қорлардың бағалы қағаздары және қалған 17% – халықаралық облигациялар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу