Қазақстандықтардың Ұлыбритания мен Біріккен Араб әмірлігінде ресми жұмыс істеуін Үкімет заңдастырып бермек. Ел тұрғындарының Оңтүстік Корея мен Түркияда да еңбек етуге мүмкіндіктері болады.
Еңбекке қабілетті жастар жаппай шетел асып кетпей ме? Елдегі көші-қон үрдісі қандай деңгейде?
Шетелде қарға қуып, шөп жұлып, егін жинап, маусымдық жұмыстар істеп жүрген қазақтар туралы видеолар көп желіде. Олар сағатына 6 мың, 9 мың теңге ақы аламыз деп елдегілерді қызықтырады. Енді Үкімет Ұлыбритания мен БАӘ, Оңтүстік Кореяға да барып нан табамын дегендердің жұмысын заңдастырып бермек. Сарапшылар, ол елдерде де сол маусымдық жұмыстар дейді.
Қазір 194 мың қазақстандық өзге елде еңбек етіп жүр. Ал, екі қолға бір күрек табамын дегендерге migration.enbek.kz сайты әзірленіп жатыр. Өзге мемлекетке бармастан бұрын, сол елдің тілін үйреніп, медициналық тексерістен өтіп, сосын ғана шетелге құжат рәсімдейді.
Біздің елде де нәпақасын тауып жүрген шетелдіктер жетерлік. Олармен жыл сайын 2 млрд доллар шығып кетеді. Бұдан былай елге келетін өзге мемлекеттіктер көбейеді. "Ата жолы" картасымен елге 50 қандас оралмақ. Олар Қазақстанда кәсіп ашып, мамандар жетпейтін салада еңбек ете алады.