"ҚазМұнайГаз" Каспий маңындағы кен орындарына инвестор болуы мүмкін

1992

Былтыр "Қаламқас-Теңіз" бен "Хазар" мұнай кен орнынан Shell және NCOC консуорсиумдары кеткен болатын. Олар жобаны экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп тапқан. 

"ҚазМұнайГаз" Каспий маңындағы кен орындарына инвестор болуы мүмкін

Shell жұмыс істеуден бас тартқан Каспий маңындағы қос кен орнына жаңа инвестор іштен тартылуы мүмкін. Мұндай эксклюзивті ақпарды Atameken Business-ке сұхбатында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жеткізді.

Әзірге басты үміткер ретінде – "ҚазМұнайГаз" қарастырылып отыр. Себебі заң бойынша алдымен ұлттық компанияға ұсыныс жасалуға тиіс.

Еске салсақ, былтыр Қаламқас-Теңіз бен Хазар мұнай кен орнынан Shell және NCOC консуорсиумдары кеткен болатын. Олар жобаны экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп тапқан. Болжам бойынша, Солтүстік Каспий кен орныныда 83 млн тонна мұнай және 50 млрд текше метр газ қоры бар. Әрі геологиялық барлау жұмыстары толық аяқталған. Оған шетелдік инвесторлар 900 млн доллар жұмсаған. Келісімге сәйкес, бұл қаржыны Қазақстан Үкіметі қайтаруға міндетті емес.

Бұдан бөлек министр Беларуське Қазақстанның мұнай жеткізу шартының да бекітілгенін айтты. Ендігі келіссөздер NCOC, KPO және Total компаниялары арасында жүргізілуге тиіс. Құжатты талқылауға өткен аптада Нұр-Сұлтанға ресми Минсктен делегация келіп кеткен. Егер жұмыстар нәтижелі болса, онда Қазақстан Беларусьқа жылына 3,5 млн тоннаға дейін шикізат экспорттауға міндеттеме алады.

"Біз "KPO", "Қашаған", "ТШО", "Дунга" және де тағы бірнеше мұнай жеткізуші компаниялармен келіссіөз жүргізу алаңын ұйымдастырдық. Ешқандай кедергі жоқ. Барлық вариантты қарастырылып жатыр. Құбырмен, теміржолмен де жеткізілуі мүмкін",– дейді Нұрлан Ноғаев.

Энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімінің де шарттарын орындауға кіріспек. Картельдің техкомитеті Қазақстан Үкіметіне шикізат өндірісін тәулігіне 20-30 мың барльге дейін азайтуды ұсынған. Министрдің айтуынша, оны орындауға болады. Себебі шектеудің мөлшері жылына небәрі 1,843 млн тоннаны құрамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу