Бұл туралы "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Достар, Екібастұзда 130 көпқабатты және 100 жеке тұрғын үй жылумен жабдықтаусыз қалды. Алда 30 градустан төмен аязды күндер бар. Біздің компания шетте қала алмады – бүгін Қазпошта гуманитарлық көмек жинауды бастайды. Астана мен Алматыдағы кез келген Қазпошта бөлімшесіне жылытқыш, көрпе, жылы киім және т.б. керек заттар әкелуге болады. Барлық көмек Екібастұзға компаниямыздың күшімен жеткізіледі", - деп жазды Әсел Жанасова.
Еске салайық, Екібастұздағы ЖЭО-дағы қазандық агрегаттары істен шығып, қала жылусыз әрі ыстық сусыз қалған. Осыған байланысты шаһарда төтенше жағдай жарияланған болатын.